📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Елін қорғау елге серт» кітап көрмесі. /7 мамыр - Отан қорғаушылар күні./

«Елін қорғау елге серт» кітап көрмесі. /7 мамыр - Отан қорғаушылар күні./

7 мамыр Отан қоғаушылар күні мерекесі. Бұл мереке 2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Міне, сол уақыттан бері Отан қорғаушылар күні тұрақты түрде аталып  келеді. Осы орайда Әбділда Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасына қарасты зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамы клубымен бірлесіп «Елін қорғау ерге серт» атты зағип азаматтар арасында облыстық сайыс ұйымдастырды. Шараны «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрайымы, шара демеушісі Бидайкүл Байманова ашып сайсқа қатысушы ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сайысқа қатысушы азаматтарымыз төрт кезең бойынша бақ сынасып, өз өнерлерін паш етті. Олар 1 кезең өздерін таныстыру, 2 кезең өз шығармаларын орындау, 3 кезең қол күрес, 4 кезең сұрақ-жауап кезеңі. Сайыс өз мәресіне жетіп І орынды Жаңақорған ауданы, ІІ орын Шиелі ауданы, ІІІ орын Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданы иеленді. Қазалы ауданы мен Сырдария ауданынан келген сайыскерлер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.