«Бірлігі жарасқан Тәуелсіз ел» этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара. /1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік күні/
«Бірлігі жарасқан Тәуелсіз ел» 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік күні мерекелік шара. Бүгін, Зағиптар қоғамы клубында арнаулы кітапхана және клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз ел» атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шараны Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төрайымы Бидайкүл Байманова шараны ашып берді. Бүгін берекенің бастау болған бірліктің, ынтымақтың, ұйтқысы болған достықтың, тыныштықтың тірегі болған татулықтың мерекесі! Бұл – тарихы терең, тағылымы мол, мағынасы айрықша күн. Бұл тағдыр тоғыстырған талай ұлт пен ұлыстың бір шанырақ астында тату – тәтті өмір сүріп жатқанын әлемге паш ететін мереке. Шарада Сәулем – ай әжелер ансамблі ән шырқап, кітапхана оқырмандары Екатерина Петрова, Тұрсынай Есмағамбетовалар ақындардың қаламынан шыққан өлендерін оқыды.
