«Көңіл сәулесімен нұр шашқан» кітап көрмесі.
23 сәуір — Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні аясында ашық аспан астында «Көңіл сәулесімен нұр шашқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызын айқындау, оның рухани құндылығын дәріптеу, оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдеби мұрамен кеңінен таныстыру болды. Көрме барысында қазақ жазушыларының таңдаулы шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Кітапханашы көрменің мазмұны мен мәнін жан-жақты түсіндіріп, кітаптың адамзат өркениетіндегі орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітаптың тек ақпарат көзі ғана емес, рухани тәрбие мен ой-өрісті кеңейтетін асыл қазына екені ерекше атап өтілді.