«Кітаптар әлемі шақырады» мерекелік шара.
Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күніне орай арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен зағиптар клубында «Кітаптар әлемі шақырады» атты мерекелік шара болып өтті. Бұл айтулы дата — рухани құндылықтарды дәріптеуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапханалардың қоғамдағы рөлін нығайтуға және жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған маңызды мереке. Шараны кітапхана басшысы Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы мен зағиптар қоғамы облыстық басқарма төрайымы Бидайкүл Байманова ашып кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ақындардың кітапханашыларға арналып жазылған өлеңдері оқылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.
