📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Кітап – білім кілті» букдатинг.

«Кітап – білім кілті» букдатинг.

23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Бұл мереке қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқұмарлықты дәріптеу және жастарды рухани-мәдени құндылықтарға баулу мақсатында Президент тапсырмасымен 2024 жылдан бастап аталып келеді. Осы орайда арнаулы кітапхана ұжымы «Кітап – білім кілті» атты  букдатинг ұйымдастырды. Шара қаламыздағы №8 мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар өздері оқыған кітаптарының өмірлеріне әсер еткен оқиғалары туралы ойларын бөлісті. Жалпы кітап адам баласының ой-өрісін, сөз саптауын, ойын анық жеткізе білуге талпындырады. Шара барысында оқушылардан осы қасиеттер көрініп-ақ тұрды. Білімді болашақ қалыптастыруда ұйымдастырылып отырған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.