📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Тарихи-мәдени жәдігерлер – тарихтың куәсі» маманмен кездесу. /18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні/.

«Тарихи-мәдени жәдігерлер – тарихтың куәсі» маманмен кездесу. /18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні/.

Қазақта «Жер судың аты тарихтың хаты» - деп бекер айтылмаса керек. Айтса айтқандай  Сыр өңірі сол жерлерден сыр шертіп тұрғандай...  18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай арнаулы кітапхана ұжымы  «Тарихи-мәдени жәдігерлер - тарихтың куәсі» атты тақырыпта сала мамандарымен кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл күн 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық Кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселесіне қоғамның назарын аудару.   Шара қонақтары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, археолог Біләлов Сейдалы Өміртайұлы және қаламыздағы Ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері Бахрамова Гүлжан Ташмаханқызы болды.  Шара қонақтары облыс көлеміндегі тарихи ескерткіштердің тарихын, қазбалар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сауран, Оқшы ата, Жент, Жанкент қалалары туралы ғылыми дәлелдерімен бөлісті. Ал оқырмандар өз тарапында тақырып төңірегінде қойған сұрақтарына нақты жауаптар алып тарқасты. Және осындай маңызды шараларды ұйымдастырып отырған кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.