«Құқық бұзушылық және жауапкершілік» ақпарат сағаты.
Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың тиімді алдын алу – өскелең ұрпақтың адамгершілік және психикалық денсаулығын қорғаудың басты шарты. Осы орайда бүгін, арнаулы кітапхананың ұйымдастырумен «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» атты кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Шара қаламыздағы №8 мектеп-интернатының оқушыларының қатысумен өтті. Шара барысында оқушыларға Заң алдында бәріміз бірдей жауап беретіндігіміз және заңға қайшы келетін іс-әркеттерден аулақ болу керектігі туралы түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға барынша жауап берілді. Балалар біздің болашағымыз, сондықтан жоғарыда айтылған теріс әрекеттерден біздің ұрпақтарымыз алыс болсын десек аталған шаралар кезең кезеңімен ұйымдастырылып отыруы керек.
