«Сезімнің нәзік сырлары» әдеби кеш.
Сыр өңірінің тумасы, қазақ поэзиясына өзіндік өрнек қосқан нәзік лирика шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қатира Жәленованың 75 жасқа толуына орай «Сезімнің нәзік сырлары» атты әдеби кеш өтті.
Кештің мақсаты:
Ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және туған жердің талантты тұлғаларына құрмет көрсету.
Кеш барысында ақынның «Ақ гүлдер», «Жібек сезім», «Ақмаржан» жинақтарынан сыршыл өлеңдер оқылып, оқырман қауым ақынның нәзік те терең әлеміне бойлады.
Қатира Жәленова 1951 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол — қазақ поэзиясында әйел затының ішкі тебіренісін, махаббат пен адалдықты асқан шеберлікпен жырлаған ақын. Оның жырларында Сыр табиғаты мен қазақы болмыс ажырамас бірлікте көрініс табады.
Ақын жырлары — таусылмайтын қазына. Сезім мен нәзіктікке толы туындылар келешек ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
