2 сәуір - Халықаралық Балалар кітабы күніне «Оқы, Ойлан, Арманда» атты ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салудан оқушылар арасында сайыс.
2 сәуір - Халықаралық Балалар кітабы күні. Бұл күн әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні. Айтулы күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Оқы, Ойлан, Арманда» атты ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салудан оқушылар арасында сайыс өтті. Шараның мақсаты: Оқушыларға халықаралық балалар кітабы күні мерекесінің пайда болу тарихымен таныстыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында балалардың білімін шыңдау мақсатында оқыған кітаптары бойынша түсініктер айтылып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасыру ұйымдастырылды. Шараға белсене қатысқан оқушыларға тәттілер таратылды.
