📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 26 наурыз – Арал теңізі күні. «Экология және ұлт денсаулығы» ақпарат сағаты.

26 наурыз – Арал теңізі күні. «Экология және ұлт денсаулығы» ақпарат сағаты.

Бүгін арнаулы кітапханада 26 наурыз – Арал теңізі күніне орай «Экология және ұлт денсаулығы» атты ақпарат сағаты болып өтті. Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде тіршілік нәріне қатысты экологиялық проблема көп. Соның бірі қалың қазақты алаңдатқан – Арал теңізі. Шара барысында көлемі жағынан әлемде төртінші орында тұрған Аралдың қазіргі жағдайы туралы мағлұмат беріліп, аудионұсқада тың ақпараттар қосымша тыңдатылды. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, оның халыққа әсері  туралы ғалымдар түрлі болжамдар айтып келеді. Әрине, заманында халықтың өсіп-өнуінде басты роль атқарған теңіздің тағдыры бәрімізді толғандырады. Болашақта Арал теңізінің арнасы қайта орнына келіп, халық игілігіне пайдасы тиер деген үміт те жоқ емес...