«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кітап көрмесі.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсер ететін ең қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі. Онымен күресу – әр азаматтың борышы. Осы бағытта «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында арнаулы кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған әдебиеттер ұсынылып оқырмандарға таныстырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы материалдар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың еңбектері.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға заң үстемдігін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы ақпарат беру және жастарды адалдыққа тәрбиелеу.
Біз әрбір азаматты заңды құрметтеуге, әділдік пен парасаттылықты өмірлік ұстаным етуге шақырамыз.
