📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Наурыз – жыл басы» мерекелік шара.

«Наурыз – жыл басы» мерекелік шара.

2026 жылдың 20 наурыз күні Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру мақсатында «Наурыз-жыл басы» атты мерекелік кеш өткізілді. Шараның шымылдығы қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттайтын көріністермен ашылып, жүргізушілер Наурыз мейрамының шығу тарихы мен маңызына тоқталып, көрермендерге тағылымды мәліметтер ұсынды.  

Мерекелік кештің сәнін мың бұралған бишілердің әсем қимылы, әншілердің әуезді әні келтіріп, ұлттық рухты асқақтатты. Көрермендер қазақы дәстүрдің көркемдігін сезініп, рухани әсерге бөленді. Шара соңында белсенділік танытып өнер көрсеткен оқырмандар мен қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Ұлттық дәстүр – ұлттың рухани тамыры. Осындай игі бастамалар арқылы халқымыздың салт-дәстүрі жаңғырып, ұрпақ санасында мәңгілік сақтала беретіні сөзсіз.