«Ұлт мұрасы – ұлттық киім» ұлттық киімдер шеруі (дефиле).

Бүгін Ұлттық киім күні – ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтайтын ерекше күн. Қазақтың ұлттық киімдері - халықтың тамырын тереңге жайған қолдаңбалы өнерінің сарқылмас қазынасы. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ықылым заманнан бері мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында бүгін арнаулы кітапханада 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ұлт мұрасы – ұлттық киім» атты ұлттық киімдер шеруі (дефиле) өтті. Кітапхана қызметкерлері ұлтымыздың салт-дәстүрі бойынша ұлттық киім киініп, әдет-ғұрпымызға сай насихат жүргізді. Шараның мақсаты ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, халық арасында бірлік, ынтымақ пен татулықты нығайту болып табылады.
