📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» маманмен кездесу.

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» маманмен кездесу.

Құқықтық сауаттылық — бұл адамның өз құқықтары мен міндеттерін білуі және оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана алуы. Бұл ұғым азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін сезініп, өзіне тиесілі құқықтарды қорғай алуына мүмкіндік береді. Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында бүгін арнаулы кітапхананың оқу залында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты маманмен кездесу кеші өтті. Шара қонағы заңгер Үсейінов Хасенхан Алеудинұлы. Кездесу барысында оқырмандар түрлі тақырыптарда сауалдар қойып, өз құқықтары туралы мағлұматтар алды.