«Наурызнама» онкүндігі аясында «15 Наурыз - Қайырымдылық» күніне қайырымдылық шара.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген қазақта даналық сөз бар. Осы орайда 14-23 наурыз аралығы «Наурызнама» онкүндігі аясында арнаулы кітапхана клуб қызметкерлерімен бірлесіп «15 Наурыз Қайырымдылық күніне» байланысты қайырымдылық шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты болашақ ұрпақтарға салт-дәстүрімізді қаз-қалпында жеткізу, мейірімділікке баулу болып табылады. Шара барысында аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық себеттер табысталды. Қайырымдылық шараға демеушілік жасаған «Орда зағиптар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ролан Асқарұлына алғысымызды білдіреміз. Қайырымдылық шара концерттік бағдарламаға ұласты.