📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Көрісейік ағайын!» көрісу дәстүрінен сыр шерту.

«Көрісейік ағайын!» көрісу дәстүрінен сыр шерту.

Қазақстанда 14-23 наурыз аралығы «Наурызнама» онкүндігі ретінде жаңа форматта тойланады,  мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл кезең 14 наурыз – Көрісу күнінен басталып, 23 наурыз – Тазару күнімен аяқталады. Осыған орай бүгін арнаулы кітапханада «Көрісейік ағайын!» атты 14 наурыз – Көрісу күніне орай жасанды интелектін көмегімен кітапхана қызметкерлері дайындаған видеослайдпен мультзал ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы №8 мектеп-интернат оқушылары қатысып көрісу дәстүрінен сыр шерту туралы видеослайдты тамашалады.  Кітапханашы көрісу күнінің тарихымен таныстырып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Шараның мақсаты болашақ ұрпақтарға салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ұмыт болмайтындай насихаттау болатын. Мәдени шара өз үдесінен шықты...