Жазушы, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының туғанына 80 ж. «Жүрегімен жыр жазған жазушы» дауыстап оқу.

Шиелі тарихында құнды дүниелерімен ерекше орын алатын Қазақстан Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының 80 жылдығына орай №5 арнайы мектеп – интернатында «Жүрегімен жыр жазған жазушы» атты дауыстап оқу болып өтті. Дәулетбек тұңғыш өлеңдер жинағын оқырмандарына гүл қылып ұсынған ақын. Шиеліден шыққан қазақ поэзиясының алдаспаны еді. Ақынның қай өлеңін оқысақ та жалықтырмай өз оқырмандарын алға тартып отырады. Сыр елінің құнарлы топырағынан нәр алып, жыр болып өркен жайған, талантымен талайды тамсантып, әрбір жүректе өлең болып өмір сүрген ақын-жазушы жайлы естеліктер айтылып, оның өнегесімен өрілген өмірі өскелең жастарға насихатталды.
