8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сұлу қыз, Ару әйел, Асыл ана» мерекелік шара.

Адам баласы үшін ананың орны қашанда биік. Жұмақ - ананың табанының астында деген сөздің мәні аяулы жанның қадірін ерекше асқақтатып тұрғандай. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді. Шұғылалы көктемнің 8-ші жұлдызы Халықаралық әйелдер күніне орай Зағиптар клубында «Сұлу қыз, Ару әйел, Асыл ана» атты мерекелік кеш өтті.
ҚЗҚ қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Байманова Бидайгүл, арнаулы кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес деген ізгі ниетпен, аналарды шуақты мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шара әсем әуенмен жалғасты.
