Алдажар Әбіловтің «Рецепт» кітабының СД дискідегі нұсқасының беташары

Бүгін, Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда өңірінің белгілі ұстазы, ғалым, доцент, білім саласының үздігі Алдажар Әбіловтің «Рецепт» кітабы кітапхана жанынан ашылған Дыбыс жазу студиясында СД дискі нұсқасының беташары болды. Кітап сүйер қауым бұл кітапты оқып та қойған екен, содан дыбыстандырылған кітап қызу талқыға түсті. Болған оқиға ізімен жазылған шығарма оқырмандар тарапынан қызушылығын арттырып кітап ішінде жазылмаса да автордың негізгі ойын, меңзеп отырған тақырыбын шара барысында оқырмандар өз пайымдарынша ортаға салды. Шығарманы оқырмандар кітапхана жанынан жұмыс жасайтын «Аудиокітапхана» тобынан, яғни оқырмандардың сұранысы бойынша Дыбыс жазу студиясында дыбыстандырылған жаңа кітаптарды насихаттайтын топтық тыңдалымнан оқып шықты. Шараны ұйымдастырушы кітапханашы Ақмарал Нүрлиева кітап туралы өз пікірін айтып шараны қорытындылады.
