📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Дала даңқы – Ыбырай Жақаев» ақпараттық сағат.

«Дала даңқы – Ыбырай Жақаев» ақпараттық сағат.

Бүгін,Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері – Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына орай «Дала даңқы – Ыбырай Жақаев» атты ақпараттық сағат өткізілді.
     Іс-шараның мақсаты – ұлы диқанның еңбектегі жемісті, жеңісті жолдарын оқырмандарға кеңінен насихаттау, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, табандылыққа және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ақпараттық сағат барысында кітапханашы оқырмандарға Ыбырай Жақаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы жан-жақты мәлімет берді. Ыбырай Жақаев 1891 жылғы 23 маусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы «Қызыл Ту» колхозында дүниеге келген. Ол – күріш өсіру ісінің білгірі, ауыл шаруашылығы саласының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатыҰлы диқан төрт мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарының иегері атанды. Ол республикада алғашқылардың бірі болып күріш тұқымын сапалы іріктеп егу мен жоңышқа өсіруді қатар жүргізіп, өнімділікті арттырудың тиімді жолдарын көрсетті. Шиелі ауданындағы «Қызыл Ту» кеңшарының бөлімше жетекшісі ретінде мол тәжірибе жинақтап, көптеген жас диқаншыларға бағыт-бағдар берді.
Іс-шара барысында оқырмандарға оның есімі берілген нысандар туралы да айтылды.
Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, еңбек адамының өнегелі өмірі туралы ой бөлісті. Оқырмандар ұлы диқанның табандылығы мен адал еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Ақпараттық сағат тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.