«Өлең сөздің дүлдүлі» жыр кеші.


Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 мектеп-интернатының кітапханасында, қазақ халқының ұлы ақыны, жыршылық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Өлең сөздің дүлдүлі» атты жыр кеші өтті.
Бұл мерейтой оның ел тарихында, әдебиетінде және мәдениетіндегі орнын еске алуға бағытталған. Жамбылдың мұрасы - қазақтың ауыз әдебиетінің дара құндылығы, ол өз заманының көрінісі және азаттық пен гуманизм идеяларының жырланған дауысы ретінде қала береді. Оның өнері мен даналығы ұрпақтарға жетіп, елдің рухани күш-қуатын нығайтудағы рөлін насихаттауды мақсат етеді.
Кеште мектеп оқушылары ұлы тұлғаның өнегелі өмірі мен мол мұрасы туралы мағұлматтар алып, оның өлеңдерін жарыса оқып, «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында слайдты тамашалады.
Кеш соңында белсене қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

