«Дін және ұлттық тәрбие» рухани-танымдық кездесу кеші.


Қоғамның рухани дамуымен ұлттың болашағы ең алдымен тәрбиеге байланысты. Тәрбие жүйесінде дін мен ұлттық құндылықтардың орны ерекше, өйткені олар адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, өмірлік ұстанымдарды айқындайды. Сондықтан дін мен ұлттық тәрбие мәселесі бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Дін және ұлттық тәрбие» атты рухани-танымдық кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіміздің қонағы Кенжебеков Ғалымжан мырзаның – ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиенің қоғамдағы маңызын түсіну, ата-баба мұрасын қастерлеу, иманды да ибалы ұрпақты тәрбиелеумен қатар, ислам дінімізді көркейтуге атсалысу қажеттігін атап өтті.
