«Бұл өмір осылай өтеді екен» өнер сағаты.

Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Бұл өмір осылай өтеді екен...» атты өнер сағаты болып өтті. Табиғи талантымен талайды таңдай қақтырған елдің біртуар азаматы өнерге замандас әріптестерімен салыстырғанда кештеу келсе де, өте сапалы музыка тудырудың арқасында өз биігін бағындырып кеткен азамат. Кеңес ағамыздың өзі ортамызда жүргенде оның әндерін кейбір жерлерде халық әні деп жариялап жіберген кездер болған екен. Бұл әрине композиторға қойылған жоғары баға деп білеміз. Шара барысында қазақ өнерінің сайгүлігінің өмірі мен шығармашылығы туралы видео-слайд көрсетілді. Шара Кеңес ағамыздың әндерінен концерттік бағдарламаға ұласты.
