📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби – сазды кеш

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби – сазды кеш

Биыл қазақ поэзиясының символы ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай бүгін арнаулы кітапхана мен ҚЗҚ клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби – сазды кеші болып өтті. Шараны ҚЗҚ қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Б. Байманова ашып берді. Мұқағали есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Әдебиет саласында жиырма бес жылдай жұмыс істеген Мұқағали мыңнан аса өлең жазды. Шарада оқырмандар Мұқағалидың қаламынан туындаған өлеңдерін оқып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.