📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ақиқаты жадымызда» Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ақиқаты жадымызда» Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

       Бүгін арнаулы кітапханасы мен ҚЗҚ клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ақиқаты жадымызда» атты Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Бұл майдан енді есейген бозбалаға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін білуге ұғындырды. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз облыстық Ауған соғысы және мүгедектік қоғамы төрағасының орынбасары Құтпанов Меңілбек Ибадуллаұлы және Ауған соғысы ардагері Телімбаев Марат Гажданбекұлы кездесу кешіміздің қонақтары болды. Шараға тұрақты оқырмандарымыз және қаламыздағы №5, №8 мектеп – интернат оқушылары қатысып, уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген  ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол екенін айтып тарқасты.

      Қатысушы оқырмандар мен оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, Ауған соғысы жайлы өлеңдерін оқыды.