📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Қазақ журналистикасының жұлдызы» дауыстап оқу кеші.

«Қазақ журналистикасының жұлдызы» дауыстап оқу кеші.

Жаһұт жыры арқылы еліне жан сарайының аңсарын айтып, ақын­­дық жүрекпен мынау жарық дү­ниенің мәнін тәпсірлеп, алапат шабытын ұлтқа қызмет етуге бағыттаған ақындардың бірі – Сейсен Мұхтарұлы. Бүгінде есімі көп атала бермейтін, жыр жинақтары мен өнертану саласын­дағы зерттеу еңбектерін ел жадында қайта жаңғыртуға сұранып тұрған ақынның мұрасы – халық­тың рухани қазынасы. Осы мақсатта, Сыр елінде туып, бүкіл қазаққа жырымен сыр ақтарған ақынның есімін дәріптеу мақсатында № 7 арнайы түзету мектеп-интернаты мен арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақ журналистикасының жұлдызы» атты дауыстап оқу кеші өтті.