📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Ерекше әріптер әлемі» Брайль қарпінде оқу мен жазу сайысы

«Ерекше әріптер әлемі» Брайль қарпінде оқу мен жазу сайысы

Облыстық арнаулы кітапхана мен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында  «Ерекше әріптер әлемі» атты Брайль қарпінде оқу мен жазу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты-көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандардың Брайль қарпін оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс барысында қатысушылар екі кезең бойынша Сайын Мұратбековтің 90 жыл толуына орай брайль қарпінде жазылған «Жусан иісі» кітабынан үзінді оқып, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабынан брайль қарпінде диктант жазды. Сайыс қорытындысы бойынша брайль қарпінде мәтін оқудан 1-ші орын Тілеген Жасұлан, 2-ші орын  Тәжібаева Бақыт, 3-ші орын Досжанов Жақып иеленді. Ал брайль қарпінде диктант жазудан 1-ші орын Көлбаев Құрманғазы, 2-ші орын Ағыбаева Жанар, 3-ші орын Дүзбай Тойбазар иеленді. Қатысушылар  Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Сайысқа ҚЗҚ қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Байманова Бидайгүл демеушілік жасады.