📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов» дөңгелек үстел.

«Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов» дөңгелек үстел.


Қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, педагог Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толды. Ол – Абайдың ақындық мектебін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, абайтану ғылымының дербес сала болып қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға. Қайым Мұхамедханов Абай шығармаларының мәтіндерін жүйелеп, олардың дұрыс нұсқасын сақтауға көп еңбек сіңірді. Сонымен қатар ол қазақ әдеби мұрасын бұрмалаудан қорғап, ұлттық руханияттың дамуына қызмет етті. Ғалым КСР-дің алғашқы Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы ретінде де тарихта қалды.

Ғалымның туғанына 110 жыл толуына орай арнаулы кітапханада «Абайтану ғылымы және Қайым Мұхамедханов» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері жайында баяндамалар оқылып оқырмандарға кеңінен таныстырыды.

Қайым Мұхамедхановтың еңбектері – жас ұрпаққа үлгі. Оның ғылыми мұрасы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің баға жетпес қазынасы болып қала береді.