«Өлкенің өнгелі азаматтары» дауыстап оқу
Бүгін кітапханамызда жерлестеріміз домбырашы, жырау Бидас Рүстембекұлы 75 жасқа, Алмас Алматов 70 жасқа және сазгер Қалауов Тәңірберген Құдайбергенұлының туғанына 90 жыл, жазушы Мұқтарұлы Сейсеннің туғанына 80 жыл толуына орай «Өлкенің өнгелі азаматтары» атты дауыстап оқу болып өтті. Шара барысында өнегелі азаматтардың өмірі мен шығармашылықтары туралы мағлұматтар берілді. Жыршы Бидас Рүстембекұлының «Көріғұлы» дастанынан үзінді тыңдалып, Алмас Алматов ағамыздың «Сағымның жауһарланған елесіндей» атты жыры тыңдалды. Сазгер Тәңірберген Қалауовтың сөзіне жазылған «Қызылорда вальсі» әні шырқалды. Оқырмандар ескінің көзі, алтынның сынығы ұлағатты тұлғалар туралы тың деректермен таныс болды. Ризашылық ниетпен тарқасты.
