📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы

Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы

Бүгін,  Ұлттық құрылтайдың  V отырысы Қызылорда қаласында өтіп жатыр. Биыл Сырдария өңірі мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдауда билік пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналды. Бүгінгі Құрылтайда Конституциялық реформаның негізгі бағыттары және оның жүзеге асыру жолдары туралы келелі әңгімелер болып халық игілігіне жұмыс жасайды деп үміттенеміз. Осы жолы бұрынғы төрт отырыста көтерілген идеялар мен ұсыныстар бір таразыға түсіп, олардың қайсысы қай деңгейде орындалғанын қарап бағамдайтын күн болмақ. Еске салсақ, қазіргі форматтағы алғашқы Құрылтай 2022 жылы қасиетті Ұлытауда өтті. Екінші отырыс 2023 жылы түркі әлемінің рухани орталығы  - Түркістанда ұйымдастырылды. Үшінші жиын 2024 жылы Жайық өзенінің жағасында, Атырау облысында өтті. Төртінші Құрылтай отырыс 2025 жылы табиғат пен тарих үйлесім тапқан Бурабайда өткізілді. Бесінші отырысы қасиетті Сыр өңірінде өтіп жатыр. Ұлттық құрылтайдың бастамасымен бірқатар маңызды заңнамалар қабылданған болатын. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық құрылтайда мемлекеттік тіліміздің аясын кеңейту, әйелдердің құқықтарын нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты қоғамдағы басты назар аударатын мәселелерге тоқталып өткен болатын. Бұл жолы да ауқымды мәселелер көтеріліп, алға міндет пен мақсаттар қойылды. Жақсы жаңалық биыл өңірімізді жаңа драма театр, заманау кітапхана салынатын болды.  Және бұл құрылыс биылдан бастап жүргізілетін болды. Мемлекетіміз өркендеп дамыған елдер қатарынан болатынына сеніміміз нық.