«Тұғырлы тұлға» тарихи-таным сағаты

Ілияс Есенберлин - қазақтың алғашқы және ең ірі тарихи романисі. Қазақтың тарихын, болмысын және рухын көркем сөзбен өрнектеп, ұрпаққа мұра қалдырған ұлы жазушы. Оның шығармалары арқылы қазақтың көшпелі мәдениеті әлемге танылды. Осыған орай бүгін арнаулы кітапханада «Тұғырлы тұлға» атты тарихи-таным сағаты болып өтті. Кітапханашы А. Нұрлиева жазушының «Алтын құс» романына тоқталып, басқа да шығармаларын оқуға шақырды. Қатысушы оқырмандар І. Есенберлиннің шығармалары халықтың тарихи жадының қалыптасуына зор үлес қосатынын айтып тарқасты.
