Мағзом Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл иесі» ақпарат сағаты
Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 мектеп интернатында қазақ әдебиеті әлемінде айрықша із қалдырған тұлға, заңғар жазушы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл иесі» атты ақпарат сағаты болып өтті. М.Сүндетов бір дәуірге тұрарлық мазмұны терең мәңгі өлмес дүние жазды. Бүкіл саналы ғұмырын ізгілікті, адамгершілікті, ұлт мұраттарын ұлықтауға жұмсады. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, тағы басқа тілдерге аударылды. Кітапханашы З. Бисенова оқушыларға жазушының өмірі мен шығармаларынан ақпарат беріп, «Еліктің лағы» повестін оқуға шақырды.

