📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Терроризм және оның зардаптары» кітап көрмесі

«Терроризм және оның зардаптары» кітап көрмесі

Бейбітшілік пен татулықты көздің қарашығындай сақтауды алдына мақсат етіп қойған ел, әр уақытта да лаңкестік әрекеттерден сақтанады. Себебі, қандай ел болмасын халықтың амандығы мен бостандығы басты назарда болмақ. Дүниені дүр сілкіндіретін террорлық қатыгездік, өлім мен қастандыққа толы әлем, алдау мен арбау, тура жолдан адастыру сияқты теріс бағыттағы діндер қоғам үшін қауіпті. Қоғамда сақтық шараларын насихаттау біздің адами парызымыз.Бүгін облыстық арнаулы кітапханада «Терроризм және оның зардаптары» атты кітап көрмесі жасалды. Кітап көрмесіне діни экстримизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып оқырмандарға таныстырылды.