«Күй анасы Дина» өнер сағаты

Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына – 165 жыл толып отыр. Қастерлі күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісова әлемі мен шығармашылығы ғасырдан ғасырға жетер сырлы сандық.
Бүгін арнаулы кітапханада «Күй анасы Дина» атты өнер сағаты өтті.
Дина Нұрпейісованың өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынаққа толы болғаны белгілі. Тұла бойына тылсым өнер дарыған күйші өткен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында әйел баласының басында кездесетін сан түрлі қиындықты жеңіп, өзіне жүктелген аманатты келешек ұрпаққа аман тапсырды. Ол аманат – қазақтың күйі, домбыра шанағындағы тылсым дүние болатын.
Кеш барысында кітапхана оқырмандары Дина Нұрпейісованың өмір жолы, шығармаларымен танысып, «Дина күйлері» атты видеоролигі көрсетілді.