«Ұлы тұлғалар туған күн» кітап көрмесі

Қазақ елі қашаннан таланттарға кенде емес. Оның ішінде қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздарына айналған тұлғалар қаншама. Бүгін айтулы күн! Себебі, бүгін ұлылар дүниеге келген күн! Қасиетті қара сөздің қадіріне жетіп, қазақ халқын басқаларға мойындата білген марғасқалардың дүниеге келген күні! Осы орайда бүгін, облыстық арнаулы кітапханада «Ұлы тұлғалар туған күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - Ұлы тұлғаларымен оқырмандарды қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Көрмеге Қазақ халқының тарихи тұлғары туралы белгілі қаламгер, ақын, жазушылардын шығармалары, ой-толғамдары, эссе-мақалалары мен сұхбат әңгімелері топтастырылған кітаптар мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалар мен фотоматериалдар оқырман назарына ұсынылды.
