«Ерекше кітап әлемі» кітап көрмесі

Бүгін БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік Брайль әліпбиі күні аталып өтіледі. Себебі 1809 жылы 4 қаңтарда «зағиптарға арналған әліпбиі» жасап шығарған Луи Браль дүниеге келді. Осы орайда бүгін кітапханада «Ерекше кітап әлемі» атты кітап көрмесі жасалып оқырмандарға таныстырылды. Луи Брайль зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін шрифті 19 ғасырдың басында ойлап тапты. Өзінің ақылы мен ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында, үштен екі бағада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавитін құрастырды. Оқырман мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді. Кейін Брайль жүйесін тыныс белгілерімен, сандармен және ноталармен толықтырды. Оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі танда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады. Көрмеге Брайль қарпінде үйренуге арналған құралдар мен «Әліппе»,«Ана тілі» және зағип ақын жазушылардың кітаптары қойылды.
