📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Алғашқы оқырман күні» PR акция

«Алғашқы оқырман күні» PR акция

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасына алғашқы оқырман болып 1-топ көз мүгедегі Тілегенов Жасұлан тіркелді. Ж.Тілегенов Брайль қарпімен жазылған Бибігүль Иманғазинаның «Биби-Сана» атты романын және Санжар Керімбайдың «Бисен және Болмыс» атты философиялық кітабын алды. Сонымен қатар 2-топ көз мүгедегі Әбдіқаппар Жұбан М.Әуезовтың «Еңлік- Кебек» атты шығармасын, 3- топ көз мүгедегі Құлдүйсенова Мерует  Оралхан Бөкейдің «Жетім бала», «Қар қызы», «Мұзтау» атты шығармаларын алып 2026 жылдың алғашқы оқырмандар тізімін толықтырды. Әрбір оқырман үшін Арнаулы кітапхана есігі айқара ашық.