📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Танысыңыз жаңа кітаптармен» кітап көрмесі

«Танысыңыз жаңа кітаптармен» кітап көрмесі


Бүгін, арнаулы кітапханада «Танысыңыз жаңа кітаптармен» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге кітапхана қорына келіп  түскен жаңа кітаптар қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл ақын Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен тарихи деректер, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттер мен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең-тақпақтар, ертегілер, танымдық әдебиеттер қойылды. 

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Танысыңыз жаңа кітаптармен» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!

Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.