Терроризммен күрес – баршамызға ортақ іс

Терроризммен күрес – баршамызға ортақ іс
Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Соңғы жылдары біздің елімізде дін атын жамылған содырлық әрекеттер орын ала бастады. Елімізде жастар экстремистік топтардың мүшелері болып құрбан болуда. Сол жастарымызға діни жол сілтеу – баршамызға ортақ іс. Осы орайда бүгін ҚСҚ қоғамдық клубында «Терроризммен күрес – баршамызға ортақ іс» атты пікір алмасу болып өтті. Қатысушы оқырмандар өз ойларын ортаға салып, Қазақстанда қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде қолға алынып жатқанын айтып өтті.
