📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» кітап көрмесі.

«Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» кітап көрмесі.

Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен жалпы оқырман қауымға Тәуелсіздікке - 34жыл, толуына орай «Тәуелсіздік елімнің шамшырағы » атты кітап көрмесі өткізілді.

 Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік - Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.

  Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат береді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар ұсынылды. Ұсынылған кітаптар: Азаттық аңсағандар: деректі шығармалар жинағы, Желтоқсан - 1986.Ұлт теңдігі көтерілісі, К.Табейдің «Қайсар рухты қазақ», Қ.Табеевтің Қазақтың Желтоқсаны, М.Шахановтың Желтоқсан эпопеясы, Қ.Аймахан Тәуелсіздік Желтоқсаннан басталады, Тәуелсіздік шежіресі:1991 - 2000 ж. Т.1, Н.Оразалин Азаттық айдыны, Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге.Оқиғалар хроникасы, А.Смайл Тұлға.Ұлт.Тағдыр, Е.Зәңгіров Біз білмейтін қазақтар, Т.Ташенов Тәуелсіз елдің талайы, Е.Шаймерденов Елтаным, Қ.Адырбекұлы ХХ ғасыр: Кітап көрмесіне 14 кітап топтамасы және мерзімді басылымдар беттерінен материалдар қойылды, және тағы басқа құнды басылымдар қатысушылар назарына ұсынылды.