📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Тәуелсіздікті түлеткен, Қазақстан»

«Тәуелсіздікті түлеткен, Қазақстан»

Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханамен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздікті түлеткен, Қазақстан»   атты  тарихи танымдық кеш болып өтті. Шара барысында оқырмандарымыз, желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының әділдік іздеп алаңға шыққаны, бостандық үшін бастарын бәйгеге тіккен қазақтың батыр ұлдары мен қыздарының ерліктері туралы естеліктерін ортаға салды.

  Шараның мақсаты желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыз армандаған егемендікке қол жеткізгеніміз және осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтардың жазықсыз жазаланып, шейіт болғандарын өскелең ұрпаққа жете ұғындыра отырып Отанды сүюге, құрметтеуге, ел мен жердің қадір - қасиетін жете ұғындыру болатын. Шара барысында патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылды.  Сонымен қатар кітапхананың оқу залында «Жадымда қалған Желтоқсан» атты кітап   көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды.