📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай қаламыздағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара аталып өтті. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме жасалынды. Шара жыл көлемінде өз саласы бойынша жақсы көрсеткіштер көрсеткен мүгедектерді обылыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтап Алғыс хаттармен марапаттады. Марапатқа ие болған көз мүгедектерінің ішінде біздің тұрақты оқырманымыз Қылышбай Ербол “Үздік спортшы-2025” номинациясымен марапатталса қоғамдық бірлестік төрайымы Абилова Гүлсім “Үздік кәсіпкер-2025” номинациясымен марапатталды. Шара мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен дайындалған  концерттік бағдарламаға ұласты.