📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Өнерлі тағдырластар

Өнерлі тағдырластар

      Бүгін ҚСҚ қоғамдық клубында арнаулы кітапхана мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай «Өнерлі тағдырластар» атты мерекелік шара болып өтті. Бұл мереке ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелерін  қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған. Шараны кітапхана директоры Б. Арысбаев және ҚСҚ қоғамдық   Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Б. Байманова қатысушыларды мерекелерімен құттықтап ашып берді. Мерекелік шарада кітапхана оқырмандары көркем сөз оқып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Біз үшін толыққанды азаматтарымыз болып табылатын барша мүмкіндігі шектеулі жандарымызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және береке тілейміз!