📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» кітабын таныстыру

Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» кітабын таныстыру

       Жаңа кітаппен таныс болыңыз! Бүгін сіздерге белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты кітабын таныстыратын боламыз. Бұл шығарма – балалық пен болашақ арасындағы кезеңді қамтитын алтын көпір болмақ. Автор өзінің өмір жолы арқылы кітап сүйер қауымды армандауға, сол арманға жету жолында талпынуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге шақырады.  Шығарманың тәрбиелік мәні зор, туынды жас буын үшін де, ересек адамдар үшін де аса құнды дүние. Неге десеңіз, кітапта жан дүниесі, өсу, қалыптасу кезеңі терең сипатталып ананың тәрбиесі, әкенің аманаты, мұғалімнің тәлімі көркем суреттеледі. Бұл тек естелік қана емес, әр қазақ баласына арналған рухани бағдаршам болатындай кітап. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Бекенова Айна Мамрайымқызы кітапхана оқырмандарын осы туындыны оқуға шақырады. Арманға жетелейтін бұл кітаптан әркім өзіне жақын тағдыр, таныс әсер, рухани нәр, өнеге, өмірлік сабақ таба алады...