«Ұлт рухын жырлаған қаламгер»
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап бүкіл ел көлемінде өткізіліп келе жатқанын ескерте кетсек, биыл қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан қос тарланы – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің еңбектерін оқу жылы болып бекітілді. Осы орайда бүгін №5 көру қабілеті бұзылған арнайы түзету мектеп – интернат кітапханасында біздің бүкіл әлемдегі құжатымыз болған мемлекеттік Әнұранымыздың авторы, атақты ақын Ж. Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай «Ұлт рухын жырлаған қаламгер» атты тақырыптық кеш болып өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып өлеңдерін оқыды. Негізгі мақсатымыз жас ұрпақты ақынның бай мұрасымен сусындатып, өлеңдері арқылы рухани құндылықтарды насихаттау.