📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» дөңгелек үстел.

«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» дөңгелек үстел.

Бүгін, арнаулы кітапханада «Сыбайлас жемқорлық қоғам» дерті» атты дөңгелек үстел Қазақ соқырлар қоғамының клуб үйінде болып өтті. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Жемқорлық бүгін ғана пайда болған дүние емес. Сан ғасырлар бойы тамырын тереңге жайған індет іспетті. Жемқорлықтың ішіндегі ең кең етек алғаны - парақорлық. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп болып саналады. Кітапханашы А.Нүрлиева тақырып төңірегінде жан-жақты мағлұматтар беріп тақырып аясында сөз қозғады. Қоғамда бар осы бір теріс қылықтан арылу, оның алдын алу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырып отыруымыз керек-ақ...