«Есірткісіз қоғам – өркендеген елдің кепілі»

«Есірткісіз қоғам – өркендеген елдің кепілі»
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселесі болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі - есірткі заттарын сату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында есірткімен байланысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін және бұл қылмысты террористік әрекетке теңестіруге болатындығын айтқан. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен № 7 Арнайлы түзету мектеп – интернаты мемлекеттік мекемесі кітапханасында «Есірткісіз қоғам – өркендеген елдің кепілі» атты дөнгелек үстел өтті. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. Шараның мақсаты оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
