📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»


Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен  № 8 мектеп интернатының кітапханасында, 

кәмелетке толмаған  жастармен құқық бұзушылық профилактикасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дауыстап оқу болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.