«Ән аға-Шәмші аға»

Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ән аға-Шәмші аға»атты жыр кеш болып өтті. Шараның мақсаты – әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан Шәмшінің шығармашылық жолымен танысу, әндерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Кеш барысында Қызылорда обылысы, Қазақ соқырлар қоғамының төрайымы Бименова Бидайкөл,«AMANAT» партиясы,Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы сөз алып, Шәмші Қалдаяқов жайлы естеліктермен бөлісті. Кеш барысында композитордың «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр» сияқты қазақ халқының сүйіп әрі жиі тыңдайтын әндері шырқалды. Кешті композитордың «Менің Қазақстаным» әнін келген қонақтар қосылып айтып қорытындылады.
Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс пен сыйлық табысталды.
