«Төр орнында төл теңге»

15 қараша – төл теңгеміздің туған күні. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Төр орнында төл теңге» атты ақпарат сағаты өтті.
Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1993 жылы қаржы нарығында ұлттық валютамыз айналымға еніп, экономикалық тұрғыдан дербес ел екенімізді күллі әлемге айшықтады. Теңгенің өмірге келуі, жаппай қолданысқа енгізілуі – ұлт мерейін өсірген қуанышты жаңалыққа айналды.
Іс-шара мақсаты Тəуелсіздігіміздің тірегі, нышаны əрі символдарының бірі болған теңге күнін атап өту, теңгенің шығу тарихымен таныстыру, ұлықтау жəне дəріптеу.
Қазақ елі үшін мəн-маңызы жоғары төл теңге - Тəуелсіздік тұғыры. Төл теңгемізді ұлықтау үшін өткізілген іс - шараға №8 мектеп-интернатының оқушылары қатысты.
